«Нұр Отан» партиясының облыстық филиалында өткен партиялық тыңдау барысында білім саласының дамуы талқыланды. Жиналғандар мемлекеттік бағдарламаның Оңтүстік өңірінде жүзеге асырылуын пысықтады.
Есеп берген облыстық білім басқармасы басшысының орынбасары Ардақ Садықова салаға қажетті қаржы Ұлттық қордан және облыс бюджетінен бөлінетінін атап өтті. Былтыр өңірімізде 21 жаңа мектеп пайдалануға берілген. Қазіргі таңда 12 апатты және 11 үш аусымда оқытатын білім ошақтарында құрылыс жұмыстары жүргізілуде. Жылдың соңына дейін 12 мектепте құрылыс аяқталып, тапсырылады. Білімнің сапасын арттыру бағытында да жоспарлы жұмыс жүргізіліп жатқанын жеткізді.
Ардақ Садықова, облыстық білім басқармасы басшысының орынбасары: «Шымкент қаласы 2017 жылы маусымнан бастап мектепке баратын балалардың құжатын электронды түрде қабылдады. Пилоттық жоба республикада оң бағаға ие болды. Қазіргі таңда бұл әдіске облыстағы алты аудан көшуде. Ол Түлкібас, Ордабасы, Қазығұрт, Отырар және Түркістан мен Арыс қалалары».
Облыстық білім бақылау департаментінің басшысы Жанат Тәжиева: «Бірінші қаңтар 2018 жылға берілген мәлімет бойынша, облыста 1029 мектептің 12-сі үш ауысымда, 12 мектеп апатты жағдайда. Жағдай жасалмаған бұл білім ошақтарында білім деңгейі өте төмен».
Ардақ Садықованың мәлімдеуінше бұл күрделіліктер бойынша жұмыстар жүргізілуде.