Телеарна тілшілерін құттықтады

933

Қашанда жаңалықтың жаршысы, қайырлы істің хабаршысы болып жүретін тілші қауым төл мерекесін тойлауда. Тәулік бойы тыным таппай, халықтың қамы, елдің мүддесі үшін жұмыс істейтін қалам иелерінің еңбегі еленетін күн. Түйіншек болып түйілген мәселенің шешімін табуына атсалысатын тілшілер қоғамның тамыршысы да.

Бүгін «Отырар» медиахолдингінің қаламы қарымды тілшілерін «Нұр Отан» партиясы Түркістан облыстық филиалының бірінші орынбасары Нұрмахан Жолдасов арнайы құттықтап келді. Билік пен бұқараның арасындағы «алтын көпір» саналатын журналистердің еңбегін жоғары бағалап, арнайы сый сияпаттарын табыс етті.

Партияның түйінді мәселелердің шешімін табуда атқарып жатқан толымды тірліктерін ұдайы жеткізіп жүрген Шынар Оразованың еңбегі мақтауға әбден лайық. Тұрғындардың жанайқайын жеткізіп, партия тарапынан көрсетілген көмекті дер кезінде хабарлап жүрген әріптесіміздің жетістігіне бек қуанулымыз.

Одан бөлек телеарна тілшісі Гүлжан Көшерова, жаңалықтар бөлімінің редакторы Татьяна Корякина, тілші Саида Турсуметова, оператор Бауыржан Жүсіповті де арнайы құттықтады.