Полицейлер жол-көлік оқиғасынан қайтыс болған әйелдің түр-тұлғасын анықтауға көмектесуін сұрайды

383
yakutiamedia.ru

ІІД АБ тергеу өндірісінде СДТБТ-не тіркелген сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. 2018 жылдың 29 мамыр күні сағат 22.10 шамасында Алматы-Ташкент-Термез тас жолының 718 км. орын алған жол-көлік оқиғасы жайты орын алды.

«Ауди-100» автокөлігін басқарған көлік жүргізушісі 35-40 жас шамасындағы азиат нәсілді әйел азаматшасын түр-тұлғасы анықталмаған жаяу жүргіншіні қағып кеткен.
Жол-көлік оқиғасы кезінде әйел азаматша спорттық үлгідегі қызыл түсті жейде мен қара шалбар, өкшесі бар қызыл туфли киген. Белгілері: бойы 160-165 см, орта денелі. Қоңыр көзді, шашы қысқа қара.

ОҚО ІІД Мемлекеттік тіл және ақпарат басқармасы