«Рәміздерім-мақтанышым» атты шығарма жазудан байқау өтті

799

4 маусым – Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері күніне орай, мамыр айының басында «Рәміздерім-мақтанышым» атты аудан жастары арасында шығарма жазудан байқау өткізілетіні жөнінде жарияланған болатын.

Байқауға 15 үміткер қатысып, мемлекеттік рәміздер туралы жазған өз шығармаларын ұсынған болатын. Арнайы мамандардан құрылған әділқазылар алқасы үміткерлердің жұмысын жан-жақты талқылап, бағалап, жеңімпаздарды анықтады, — деп хабарлайды Шардара ауданы әкімінің баспасөз қызметі.

Байқау қорытындысы бойынша 1-ші орынды Шардара қаласының №12 мектеп оқушысы Құсбек Әсел, 2-ші орынды М.Горький жалпы орта мектебінің оқушысы Бурамбай Сабина, қала тұрғыны Құттыбаева Салтанат, 3-ші орынды Б.Соқпақбаев жалпы орта мектебінің оқытушысы Жиенбекұлы Нұрболат, №1 М.Әуезов жалпы орта мектебінің оқушысы Кәрімова Ботакөз және №1 «Таңшолпан» балабақша логопеді Аяпова Айзада иеленіп, байқау жеңіпаздары мен қатысушыларға аудан әкімінің дипломы мен бағалы сыйлықтары табыс етілді.