Мақтаарал ауданында Б.Момышұлы мектеп-гимназиясында «Цифрлық Қазақстан» бағдар-ламасын және ІТ саласын дамытуды жүзеге асыру мақсатында жастар мен жасөспірімдерге, информатика пәнінің жас мұғалімдеріне, робототехника кабинеттерінің дәріскерлеріне арналған «Robotech Innovative Solutions & IT tehcnology» атты семинар сабағы болып өтті, деп хабарлайды Мақтаарал аудандық әкімдігінің баспасөз қызметі.

Семинар-тренингтің мақсаты жас ұрапақтың бойында шығрамашылық қабілеттер мен сыни ойлауды дамыту, ақпаратты талдау дағдыларымен креативті ойлауды қалыптастыру, Цифрлық білім беру ресурстарын дамыту арқылы жастарға бағдарламалау, құрастыру, модельдеу, цифрлық сауаттылықты арттыру, 3D модельдеу және бағдарламалауды меңгеруге мүмкіндік беру болып табылады.

Іс-шара барысында «РОБОТО техника және конструкциялау» бойынша әдістемелік жи-нағындағы LEGO MINDSTORMS EV3 құрылғылары мен оларды бағдарламалаудың мысал-дарымен жан-жақты таныстырып, белсенді қатысқан жастарға сертификаттар табыстады.