Бүгін белгілі болғанындай, Шымкенттегі ескі қоқыс алаңының орнына салынып жатқан жаңа саябақ сақалды құрылыстардың қатарына кіруі мүмкін. Құрылысқа тапсырыс берушілердің айтуынша, мердігер компания өзіне жүктелген міндетті аяғына дейін атқармаған.

Саябақтың алғашқы кезеңіне 536 млн. теңге қаралған. Құрылысшылар оның 210 млн. теңгесін алып, келісімшарт бойынша екі автотұрақ, аяқжолдар, электр жарығының көзін орнатып, жасыл желек егуі тиіс болатын. Бірақ мұнда жайқалған жасыл желек жоқ. Сол себепті ТҮКШ бөлімі биылға қаралған 300 млн. теңгені бөлмей отыр. Енді бұл мәселе сотта қаралмақ.

Нұрлан Күдерұлы