Ағымдағы жылдың мамыр айында Шардара АІІБ-не жергілікті тұрғын арызданды, онда белгісіз азамат оның мал қорасынан екі сиырды ұрлағаны көрсетілген. Жәбірленушіге келтірілген жалпы шығынның сомасы шамамен миллионнан теңгені құрап отыр. Аталған жайт ҚР ҚК «Ұрлық» бабы бойынша СДТБТ-не тіркелген.
Жедел-іздестіру іс-шарасы барысында Шардара АІІБ полиция қызметкерлері үш күдіктіні ұстады, олар бұрын сотталған ОҚО тұрғындары болды. Полицейлердің анықтауынша ұсталған азаматтар 2017 жылы жасалған мал ұрлығының тағы бір жайтына қатысты болып шықты. Адамдардың жоқтығын пайдаланып, барымташылар түнгі уақытта Шардара ауданы тұрғындарының мал қорасынан жылқы, сиыр және қой ұрлаған.
Қазіргі таңда аталған жайт бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Айғақты зат ретінде тәркіленіп алынған ұрланған мал заңды иелеріне қайтарылған. Полицейлер ұсталғандардың осы тектес жайттарға қатысы барын анықтауда.
Өз кезегінде тәртіп сақшылары ОҚО тұрғындарына өз мүлкінің қауіпсіздігне мұқият болуды сұрайды. Малды жайылым мен аулаларда қараусыз қалдырмаған жөн. Ө
з аула мен мал жайларын сенімді қоршаулармен бекітіп, малға ен-таңба салған керек.
Егер Сіз мал ұрлығының куәгері немесе құрбаны болсаңыз, онда тез арада «102» телефон нөмірі арқылы полицияға хабарлаңыз.
ОҚО ІІД Мемлекеттік тіл және ақпарат басқармасы