Шымкентке республикалық маңызы бар қала мәртебесін беру ұсынылды

1355
Миллион халқы бар Шымкент қаласы

5 маусым. 2018 жыл. Шымкент қаласының тарихына  енгізілді. Бүгін  қалалық мәслихаттың кезектен тыс 29-шы сессиясында Шымкент қаласының әкімдігі мен мәслихаты Шымкент қаласына республикалық маңызы бар қала мәртебесін беруге ұсыныс жасау туралы бірлескен шешімге қол қойды. Енді бұл құжат облыстық мәслихатының қарауына ұсынылады.

Қалалық мәслихаттың депутаттары тарихи шешім қабылдады

ҚР 1993 жылғы «Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» Заңында республикалық маңызы бар қалаларға — халқының саны 1 миллион адамнан асатын елді мекендер жатады деп көрсетілген. Облыс әкімі Жансейіт Түймебаев  сессияда мәлімдеме жасады: «Шымкент қаласының миллионыншы тұрғыны мамыр айында  туылды. Азамат жайында  толық мәліметті кейінірек хабарлаймыз».

«Шымкент үшін республикалық маңызы бар қала мәртебесі жаңа мүмкіндіктерге жол ашады. Өзгеріс қаланың дамуына, сондай-ақ әрбір қала тұрғынының тұрмысына оң әсер ететіні сөзсіз», — дейді жиналғандар.