Күндізгі сағат 13:00 шамасында екі қоғамдық көліктің қатысуымен жол апаты тіркелді.  Жол көлік оқиғасы Байтұрсынов көшесіндегі «Баян сұлу» аялдамасы маңында орын алған.

№69 және №4 бағыттағы автобустар соқтығысқан. Екі көлікте бір бағытта жүріп келген. Жолды бөлісе алмаған жүргізушілер осындай жағдайға тап болады. Соқтығысу салдарынан қоғамдық көліктің терезесі сынған. Абырой болғанда адамдар аман. Бұл жол көлік оқиғасына қай жүргізушінің кінәлі екенін мамандар анықтайтын болады.