Шымкентте 12 жастағы жасөспірім өзіне қол салып, қайтыс болды. Марқұмның денесін туыстары ағашқа асылған жерінен тауып алған. Өз үйінде дарға асылып, ажал құшқан баланың бұл қадамға не себепті барғанын қазір мамандар анықтап жатыр.
Қайғылы жағдай орын алған отбасында қарбалас. Туыс жақынды қойғанда, сұмдық жағдайды естіген жұрт осында келіп, баланың ата-анасына көңіл айтып, хал сұрап жатыр. Бауыр еті баласынан айырылғандар камера алдында сөйлегісі келмеді.
Көптің айтуынша, өз-өзіне қол жұмсаған жеткіншек таңертең асыр салып ойнаған. Үйіне кіріп кеткен бала қайтып шықпай қойған. Санаулы уақыттардан кейін, яғни күндіз сағат он екілер шамасында бала асылып қалған күйінде табылған.
Белгілі болғандай, жедел жәрдем қызметі келгенде 12 жасар бала көз жұмған. ОҚО ІІД болған жағдайды растады. Қайғылы жағдайға байланысты аудан әкмішілігінің мамандары ішкі істер органдарымен бірге оқиғаның мән-жайын анықтап жатқандарын жеткізді.