Шымкентте этно ауыл туристік көрмесі өтуде. Қазақ халқының әдет-ғұрыптары дәріптеліп, қолнер бұйымдары паш етілді. Бұл шара Елбасының «Рухани жаңғыру: Болашаққа бағдар» бағдарламасы мен Астана қаласының 20 жылдығы аясында ұйымдастырылды.
Әл Фараби алаңында құрылған киіз үйлерде қазақтың көшпелі тұрмысы, қол өнері және ас-тағамдары таныстырылуда. Әуезді әнмен өрілген тағлымды көрмені тамашалауға қала жұртшылығы мен қонақтар, тіпті шетелдік туристер де арнайы келіпті. Онда ағаштан, темірден, теріден жасалған оюлы-өрнекті бұйымдар қойылды.
Берік Білісбек, қолөнерші: «Біз отбасымызбен қолөнермен айналысамыз. Қазір жастардың қызығушылығы зор. Таза табиғи материалдардан жасалған бұйымдарды әкелдік. Біз заттарды жасағанда әу бастағы түр-сипатын сақтап отырамыз».