Шымкенттік дәрігерлер пітір садақаны жағдайы төмен отбасыларға жинап берді

896

Шымкент қаласындағы №6 емхана қызметкерлері кішкентай балғындар үшін мерекелік концерт өткізді. Мерекелік кеште ақ халаттылар сайықмазақ шақырып, мүмкіндігі шектеулі баларға көтеріңкі көңіл күй сыйлады.

Дәрігерлер ұжым болып, пітір садақа ақшасына мүмкіндігі шектеулі балалардың отбасына азық-түлік алып берді. Сондай-ақ, кешке қатысқан өзге де балқайларға түрлі ойыншықтар табыс етілді. Жалпы мерекелік кешке қырыққа жуық балғын қатысты. Ақ халаттылар 1 маусым балалар күнін тойлап, балғындарға ерекше көңіл күй сыйлады.