Шымкенттік дәрігерлер 100-ші трансплантацияны сәтті жасап шықты

726

Шымкенттік дәрігерлер 100-ші трансплантацияны сәтті жасап шықты. Ағза алмастыру отасын хирургтар Израильден келген азаматтарға жасаған. Бүйрек жетіспеушілігі диогнозы қойылған 35 жастағы шетелдік тұрғынға хирургтар туысының бүйрегін салып берді. Күрделі ота үш сағатқа созылған.

Қазір қос науқаста жансақтау бөлімінде жатыр. 100-ші трансплантациялық операцияның толық нәтижесін мамандар келесі аптада ресми түрде жарияламақ. Айта кетейік, бүгінгі күнге дейін Шымкент қалалық жедел жәрдем ауруханасында сексенге жуық бүйрек және жиырмаға бауыр алмастыру отасы жасалынған.