Оңтүстік Қазақстан облыстық сотының оқу орталығының ұсынысы негізінде, бүгін ОҚО бойынша Соттар әкімшісінің орынбасары Найля Оразғалиева аудандық және оған теңестірілген соттардың жас мамандарының біліктілігін арттыру арттыруға бағытталған семинар сабағын өткізді, – деп хабарлайды Оңтүстік Қазақстан облыстық сотының баспасөз қызметі.

Семинар барысында Найля Тұрланқызы ҚР мемлекеттік қызметкерлердің Әдеп кодексі халықтың мемлекеттік органдарға деген сенімін нығайтуға бағытталғаны туралы айтып, әрбір маманның Әдеп кодексі ережелерін қатаң сақтауы, қызметтік міндеттерін орындау кезінде  адал, әділ, қарапайым болуы және жұмыс уақытын ұтымды және тиімді  пайдалану  қажеттілігі, жұмыс уақыты мен одан тыс уақытта мемлекеттік қызмет жөніндегі заңдарды ұстанып, жалпы моральдық нормаларды сақтау мәселелерін түсіндірді.

Сонымен қатар, Н.Оразғалиева «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасына сәйкес, облыстық сот барлық мемлекеттік органдармен цифрлық технологияларды қолдану бойынша кең көлемде жұмыстар атқарып отырғанына назар аударып, сот процестерін аудио-бейнежазба құралдарымен жүргізу, «Сот кабинеті» электрондық сервисінің жұмысына тоқталды.

Ақпараттық ресурстарды қорғау бөлімінің басшысы К.Алимов және Қаратау аудандық сотының кеңсе меңгерушісі Н.Алимбеков жас мамандарға сот органдарының сайты, аудио-бейне тіркеу жүйесі туралы айтып,  «Төрелік» автоматтандырылған ақпараттық талдау жүйесі және «Сот кабинеті» сервисімен жұмыс істеу әдістерін көрсетті.