Тілшілердің төл мерекесі аясында, «Отырар» телеарнасының ұжымы марапатталып, құрметке бөленіп жатыр. Арнамыздың тілшісі Шуддин Саидовты қаламыздағы 65-06 әскери бөлімі арнайы шақырып, ҚР Қарулы күштерінің жұмысын, қауқарын насихаттаудағы еңбегін еледі. Кеудесіне «Қазақстан республикасы құқық қорғау әскеріне – 25 жыл» белгісін тақты.
Сондай-ақ, арнамыздың тілшісі Мөлдір Бекеева да марапаттан шет қалмады. Әріптесіміз Қазақстан Халқы Ассамблеясының өңіріміздегі басшылығының арнайы алғыс хатына ие болды. «Достық» шаңырағының бүгінгі тынысы мен еткен еселі еңбегін, татулығын ту етуде сапалы дүние жасап, көрерменге ұсынған Мөлдір Бауыржанқызы өңіріміздегі сан-саланы қамтитын жаңалықтар бөлімінде жұмыс жасайды.
Жергілікті жұрттың қуанышы мен өзекті мәселесін көкжәшік арқылы ұсынып, қоғамның назарын аударуда, шешімін табуда белсенді тілшіні қаламыздағы Абай ауданы әкімдігі де құрметке бөледі. Құттықтау лебізін білдіріп, алғыс хатпен марапттады.