Бүгін облыс мәслихатының кезектен тыс 23-ші сессиясы өтті. Депутаттардың қарауына ұсынылған мәселелердің маңыздысына тоқталсақ. Ол Оңтүстік Қазақстан облысының әкімшілік-аумақтық құрылысының кейбір мәселелері туралы Шымкент қаласын республикалық маңызы бар қалалардың санатына жатқызу
— бірлескен ОҚО әкімдігінің қаулысы қаулысы мен ОҚО мәслихаты шешіміне 1-қосымшаға сәйкес ОҚО аумағынан жалпы аумағы 116280,0 гектар Шымкент қаласының аумағын шығара отырып, шекарасын бекіту
— Оңтүстік Қазақстан, облысының әкімшілік орталығын Шымкент қаласынан Түркістан қаласына көшіру туралы ұсыныстар енгізілсін. Осы бірлескен ОҚО әкімдігінің қаулысы мен ОҚО мәслихаты шешіміне 2-қосымшаға сәйкес, ҚР Үкіметімен Түркістан қаласының аумағынан жалпы аумағы 72145, 0 гектар Шаға, Жаңа Иқан, Ескі Иқан, Үшқайық, Иассы, Ораңғай, Қарашық, Жүйнек, Бабайқорған, Шорнақ, Жібек жолы, Майдантал ауылдық округтерінің жерлерін және Кентау қаласының Ащысай ауылы аймағының айналасында орналасқан жерлерін Кентау жерлерін Кентау қаласының шекарасына қосу жолымен ОҚО Түркістан және Кентау қалаларының шекараларын өзгерту. Бұл аталған мәселелер бойынша шешімдерді депутаттар бірауыздан қолдады.
Сессияда сөз алған өңір басшысы Жансейіт Түймебаев қолдау көрсеткен депутаттарға алғысын білдіріп, оңтүстік жұртшылығын тарихи шешімдермен құттықтады.