Түркістан облысы Астанадағы жәрмеңкеге 300 тоннаға жуық азық-түлік жөнелтті

669

Түркістан облысының тауарөндірушілері 2018 жылдың маусым айының 23-24 күндері Астана қаласының 20 жылдық мерекесіне орай ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесін өткізеді. Шарада 50-ден астам кәсіпкер қатысып, жалпы құны 122,8 млн. теңгені құрайтын 286 тонна ауыл шаруашылығы өнімдерін арзан бағада саудалайды.

Атап айтқанда, 65 тонна ет және ет өнімдері, 101 тонна көкөніс, 18 тонна сүт өнімдері, 23 тонна жеміс-жидек, 18 тонна картоп, 20 мың дана жұмыртқа, 6 тонна балық, 5 тонна балық, 5 тонна кептірілген жеміс, 4 тонна түрлі консервілер, 41 тонна басқа өнімдер сатылымға шығарылмақ.

Түркістан облысы Астана қаласының 20 жылдық мерекесі аясында 5 рет жәрмеңке өткізбек. Осы аралықта Түркістандық шаруалар Елордаға 14 753 тоннаны құрайтын ауыл шаруашылығы өнімдерінің 28 түрін жөнелтеді. Осы мақсатта облыстан 35 ірі және қосалқы шаруа қожалықтары мен кәсіпорындары іріктеліп, дайындық жұмыстары күшейтілуде. Ауыл шаруашылығы өнімдері тиелген алғашқы керуен Елордаға 20 маусым күні жолға шықты.

Республикада өндірілетін ауыл шаруашылығы саласындағы жалпы өнімінің 12,4 пайызы Түркістан облысына тиесілі. Мәселен, елімізде өндірілген мақтаның — 100, жүзімнің — 72,5, бақшаның – 60, жеміс-жидектің — 36, мақсарының — 43,4, көкөністің — 24, жүгерінің — 21, сүттің — 13,5, еттің — 12,3 пайызы осы облыстың үлесінде.
Сондай-ақ, Түркістан облысы озық технологиялар терең қопсыту бойынша 110 мың, ин-тенсивті бау 2,8 мың, жылыжай салу 1 325, тамшылатып суғару әдісін еңгізуде 59,1 мың гек-тармен республикада алдыңғы қатарда.

Ондағы мал шаруашылығы бағытында халықаралық стандарттарға сәйкес ірі мал бор-дақылау мен замануи робатталған сүт-тауарлы фермалар және құс фабриклары іске асырылуда. Бұл облыстың аграрлық саласының экспорттық әлеуетінің жоғарғы екендігін көрсетеді.

Айта кетейік, «Қазақстан Республикасы Агроөнеркәсіптік кешенін 2017-2021 ж.ж дамыту» мемлекеттік бағдарламасы мемлекеттік қолдаулар мен қаржылық құралдары арқылы елдімекендердегі шағын және орта бизнес пен кооперациялар жүйесін дамытуға ерекше көңіл бөлініп келеді. Бүгінгі күннің өзінде облыста 60 мыңнан астам жеке және қосалқы фермерлік шаруашылықтарды біріктіретін 704 ауыл шаруашылығы кооперативтері құрылды.

Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі