Шәріпбек Жамалбек, облыс мәслихатының депутаты: «Біздің облыс тарихы үшін тарихи оқиға болды, өздеріңізге белгілі Оңтүстік өңірінде 3 млн. астам халықымыз бар. Мадақтауға да, ауыз толтырып тұрып айтуғада болатын тірліктер бар, құдайға шүкір, облыс көркейіп өсіп келе жатыр. Халық саны 1 млн-ға жеткен Шымкент қаласы республикада 3-ші қала болып жатыр. Шымқалаға республикалық маңызы бар қала мәртебесін беру өте бір қуанарлық жағдай. Шын мәнісінде, толқып тұрмын. Облыстық мәслихатының депутаттары кезектен тыс сессияда өңіріміздің, қаламыздың басшылары үшін дауысымызды бердік. Түркістан облысының әкімі қызметіне тағайындалған Жансейіт Түймебаев, Шымкент қаласының әкімі болған Ғабидолла Әбдірахманов жерлестеріміз. Облыс орталығын қасиетті Түркістанға көшіру дұрыс шешім. Өздеріңіз білесіздер Түркістан түркі әлемі үшін орны ерекше. Үкімет басшысы айтып өткендей Түркістан — Қазақстанның рухани астанасы. Ғұламаларымыз, халқымыздың ұлы тұлғалары жерленген киелі жер. Түркістан облысын дамыту мақсатында енді құрылыс та қарқын алады, туризм де дамиды, жаңа жұмыс орындары ашылады».