Түркістан облысының әкімі тағайындалды

589

Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Жарлығымен Жансейіт Қансейітұлы Түймебаев Түркістан облысының әкімі болып тағайындалды. Күні кеше, маусымның 19-ы күні Елбасы Оңтүстік Қазақстанның орталығын Түркістанға ауыстыру туралы Жарлыққа қол қойған болатын.

Бүгін Үкімет басшысы Бақытжан Сағынтаев жаңадан облыс орталығы болған Түркістан облсының әкімін өңір активіне таныстырды. Жаңадан құрылған облыстың әкімі болып Жансейіт Қансейітұлы Түймебаев тағайындалды.

Жансейіт Түймебаев 1958 жылы ОҚО, Бәйдібек ауданында дүниеге келген. ҚР Білім және ғылым министрі қызметін атқарған. Қазақстанның Түркиядағы Төтенше және өкілетті Елшісі болған. Жансейіт Қансейітұлы ОҚО әкімі болып 2016 жылдың қазан айында тағайындалған болатын.