Түркістан облысының тұрғындарына құжат ауыстыру қажет пе?

419

Қазір қоғамда қызу талқыланып жатқан тұрғындардың көкейіндегі сауалға Әділет министрі жауап берді. Марат Бекетаевтың айтуынша, жаңа облыстың құрылуы тұрғындар құжатына әсер етпейді, деп хабарлайды 24.kz.

Яғни, бұрынғы Оңтүстік Қазақстан облысының халқына алаңдауға еш негіз жоқ. Тұрғылықты жердің атауын жеке куәліктің мерзімі өткенде ғана ауыстыруға болады.

Марат Бекетаев, ҚР Әділет министрі: «Ештеңе ауыстырудың қажеті жоқ. Заң бойынша төлқұжаттың күші жойылмайды. Оларды азаматтардың жасы келгенде ауыстырады. Сондықтан халықтың дүрлігуіне еш себеп жоқ».