«Теріскей таланттары-2018» халық өнер фестивалінің қорытынды концерті өтті

689
Созақ ауданы әкімдігі

Созақ ауданының 90 жылдығы жəне Астананың 20 жылдық мерекесіне орай аудандық «Теріскей таланттары-2018» халық өнер фестивалінің жабылу салтанаты өтт, — деп хабарлайды аудан әкімдігінің баспасөз қызметі. Үш ай бойы теріскей даласын әнмен жырға бөлеген фестиваль тұрғындардың зор ықыласына бөленді. Айтулы шараға аудан әкімі Полатов Салыхан Сабырұлы қатысып, барша созақтықтарды ауданның 90 жылдық мерейтойымен және өнер мерекесімен құттықтады.

700-ден аса өнерпаз қатысқан фестивальде ауыл округ өнерпаздары «Сырлы саз әуендері» — эстрада жанры, «Зерлі қалам» — бейнелеу өнері қылқалам шеберлері жанры, «Күміс керуен» — қолөнер шеберлері жанры, «Сырлы дүние»-жыр мүшәйрасы және көркемсөз оқу жанры, «Гауһартас» — халық әндері жанры, «Сәукеле» — би жанры, «Сахна иірімі»- драма жанры, «Халық – өнер қайнары» ұжымдық көркемөнерпаздары сынды сегіз жанр бойынша бақ сынады.

Бас жүлдені Шолаққорған ауылы округінің өнерпаздары еншілесе, бірінші орындарды Таукент кентімен Жуантөбе ауыл округі иеленді. Екінші орын Сызған, Құмкент ауыл округінің өнерпаздары лайық деп табылды. Жүлделі үшінші орынды Жартытбе, Қыземшек ауыл округ өнерпаздары алды.

Фестивальдің жүлде қорына аудан əкімдігі тарапынан – 250 000 теңге тағайындалып, жеңімпаздар алғыс хат және ақшалай сыйлықтармен марапатталды.