Ресей елінің Санкт-Петербург қаласында балалар арасында шығыс жекпе-жек түрлерінің дәстүрлі фестивалі өтті. Бұл бәсекеге 3 елден, нақтырақ айтқанда Ресей, Украина, Қазақстанның жас спортшылары бақ сынасты. Оның ішінде жерлесіміз Анастасия Диченко каратэ-до спорт түрінен 2 орынға ие болды.
Анастасия Диченко, жеңімпаз: » Мен Питерде балалар арасындағы турнирда 2-ші орын алдым. Өйткені менің бапкерім мені осыған әбден дайындаған болатын. Көптеген жаттығулардың арқасында дәл осындай жетістіктерге жеттім. Мен өз бапкеріме ерекше алғыс білдіремін. Алда жарыс көп. Жеңісті күндерім әлі алда деп ойлаймын».
Айта кетейік, Анастасия енді тамыз айында Абхазияның Сухум қаласында болатын Еуропа біріншілігіне қатысатын болады.