Химиялық өнеркәсіп кішкентай балалардың өмірін улауда. Осылай деп дабыл қақан қазақстандық дәрігерлер химиялық сұйықтық ішіп, қаза тапқан бүлдіршендердің саны жыл санап артып бара жатқандығын алға тарты. Олардың аман алып қалғанымен, өмір бойына мүгедек болып қалады дейді мамандар. Медицина саласындағы бұл күрделі проблема шет елдік дәрігерлердің қатысуымен өткен ғылми конференцияда талқыланды.
Қуаттандыратын батарейкалар мен тиын және майда темір терсектер үш жасқа дейінгі балалардың асқазанынан шыққан. Дәрігерлер бұл заттарды алу үшін бүлдіршіндердің ішкі ағзасын кесіп қана қоймай, кемінде бес алты жыл қатарынан тұрақты түрде емдеп тұрады.
Бүлдіршіндердің асқазанына түскен химиялық затты дер кезінде сыртқа шығармаса, ішкі организмдерді толықтай күйік шалады. Күйік демекші, химиялық сұйықтық ішіп қойған балақайларда мұндай жағдай жиі кездеседі.Улы ерітінді ішкі организимді күйдіріп қана қоймай, өлімге немесе мүгедектікке әкеліп соқтырады.
Феруза Жотыбаеваның екі кішкентай перзенті абайсызда ыдыс жуатын сұйықтықты ішіп қойған. Салдарынан жағдайы ауырлап, жан сақтау бөлімінен бір ақ шығыпты. Дәрігерлер шұғыл түрде ота жасап, екі балғынның өмірін аман алып қалған. Ферузаның қос перзенті де қазір өздігінен тамақтана алмайды.
Мамандардың сөзінше, асқазандағы бөгде заттар мен химиялық күйікпен жылына үш жүздей бала ауруханаға ауыр халде түседі. Химиялық өнеркәсіптің жыл санап дамып келе жатыр дегенімен, дәрігерлер бұл өнеркәсіп балалардың өмірін улауда деп дабыл қағуда. Сондықтан кәсіпкерлер жеке қалтасын ойлап қана емес, балалар үшін қауіпсіз жағдайды қарастыру керек деп кеңес береді.
Мамандар «Ата -аналар немқұрайлы қарайды. Химиялық сұйықтықтар әр түрлі қызық қобдишаларда жасалынады. Ерітінділердің дәмі жоқ, иісі жоқ. Сондықтан балалар оны ішіп қойған кезде байқамайды. Химиялық ерітінділер шығарғылғанның өзінде аузы берік қобдишаларда, балалардың ашуға келмейтін ыдыстарда жасауға кеңес береміз» дейді.
Шымкент қаласындағы балалар ауруханасына жиналған білікті дәрігерлер химиялық күйік шалған баларды тиімді емдеу жолы туралы жоспар түзді. Конференцияға шетелден білікті мамандар шақырылған. Жиын соңында ақ халаттылар химиялық сұйықтықтарды балаларға қауіпсіз ету үшін кәсіпкерлермен бірлесе отырып ортақ шешім шығаруға бел байласа тарқасты.
Лаура Нақыпқызы