Оңтүстік Қазақстан облысы ІІД Анықтау басқармасымен жаяу жүргіншіні қағу жайты бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды.
11 маусымда Шымкент қаласындағы көшелердің бірінде «Мерседес» автокөлігінің жүргізушісі кәмелет жасқа толмаған баланы қағып кетті. ЖКО нәтижесінде әртүрлі дене жарақатын алған бала жансақтау бөліміне жеткізілді.
Жаяу жүргіншіні қағып кету жайты бойынша ҚР ҚК-нің «Көлiк құралдарын басқаратын адамдардың жол жүрісі немесе көлiк құралдарын пайдалану қағидаларын бұзуы» бабымен ІІД сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды.
Жүргізушіге қатысты мәжбүрлі түрде келу туралы процессуалдық міндеттеме алынды. Сараптамалар тағайындалды, нәтижесінде процессуалдық шешім қабылданатын болады.