Жантүршігерлік жол апаты: Үш адам қаза тауып, 9-ы жарақат алды

477

Үш азаматтың өліміне әкелген облыстық ІІД-да ЖКО жайты бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Бүгін Түркістан облысы Төлеби ауданы аумағында Алматы-Ташкент-Термез 733 км. тасжолында жол-көлік оқиғасы орын алды.

«Мазда» жеңіл автокөлігі «Ssang yong-тың» артқы жағына кіріп кетті. ЖКО нәтижесінде оқиға орнында үш адам қаза тапты, олар: «Мазда» жүргізушісі және екі әйел, оның 1-і Өзбекстан Республикасының азаматы, сондай-ақ, 9 адам түрлі дене жарақаттарымен ауруханаға түскен, оның 6-ы Өзбекстан Республикасының азаматтары.

Аталған жайт «Жол жүрісі қағидаларын бұзу» бабы бойынша ІІО СДТБТ-не тіркелген. Сараптама тағайындалған. Сотқа дейінгі тергеу амалдары басталған.