Шымкенттік «Жас Ұлан» мен «Астана» футбол командалары арасында ойын өтті. Бұл Қазақстан чемпионатының 2 лигасына іріктелген топтар. Ойын басында алаң қожайындары қонақтардың қақпасына гол соғып есептік көрсеткіште алға шықты. Бірінші тайм қорытындысы 1:0 есебімен аяқталды.

Ойынның екінші жартысы тартысқа толы болды. Екі команда да үзілістен кейін күштеріне мінді. Ойын бастала салысымен қонақтар алаң иелеріне 2 гол салды. Алайда жаттықтырушының айқайынан болды ма шымкенттіктер тағы да бір гол салып теңестірді. Есеп 2-2.