Шымкенттегі жасыл желек аумағы жыл сайын ұлғайып келеді. Онда егілген қоғамдық баудың көлемі бүгінде 100 гектардан асты. Биыл ағаштар алғашқы жемісін берді. Оңтүстіктің аптап ыстығында мыңдаған гектар алқапқа егілген дарақтар суғарылып, күтіп бапталуда.

Аумағы 11 гектарды алып жатқан бұл алқапта 7 мың түп алма ағашы отырғызылған. Екі жыл ішінде ағаштар жемісін бере бастады. Бұл, әрине, бағбандар төккен тердің арқасы. Бүгінде әр ағаштың түбіне су жеткізіп, күтіп баптауда. Шайынды су таусылғалы бері, алқапқа жер асты ұңғымалардың суын пайдаланып жатырмыз. 60 тонналық екі қоймаға су жинап, кейін соны пайдаланамыз» дейді олар.

Шымкенттің аумағындағы жасыл желектің жалпы көлемі 5 мың 164 гектарға жеткен. Мұнда алғашқы тал-дарақтар 2009 жылы отырғызылған еді. «Жасыл аймақ» МКК өздерінің тұқымбағын құрып, сонда өскен көшеттерді күздігүні қураған ағаштардың орнына отырғызуда.

Шілде айында жиі болатын дала өртінің алдын алу жұмыстары да қолға алынған. 527 шақырымға жолақтар салынған. Оған қосымша 90 шақырым өрт жолағы тағы жасалып жатыр. Осы жұмыстардың екінші кезеңі тамыз айында басталады. Оған су құйылған тіркемесі бар өрт сөндіретін 29 трактор да сақадай сай тұр, дейді жасыл желекке жауапты мамандар.

Нұрлан Күдерұлы