Шымкентте тағы да бір жол көлік оқиғасы тіркелді. Бұл оқиға Темірлан тас жолында болған. Мұнда 4 автокөлік соқтығысақан. Оқиғаны көргендер Нексия автокөлігінің жүргізушісі жаяу жүргінші жолағынан шыққан адамды өткізуге тоқтаған, оның соңынан жүріп келген көлктердің иелері тоқтап үлгермеген.
Абырой болғанда жол көлік оқиғасынан ешкім жарақаттанбады. Ал, автокөліктерге айтарлықтай материалдық шығын келген. Оқиғаның мән жайын енді жол көлік апатына шығу тобының инспекторлары анықтайтын болады.