Шымкентте түңгі сағат 3:00 шамасында Бәйдібек би мен Назарбеков көшелерінің қиылысында «Мерседес» автокөлігі жол жиегіндегі бөгетке барып соқтығысқан. Соққының салдарынан жүргізуші және көліктің алдыңғы орында отырған жолаушы аздап жарақат алған.
Оқыс оқиға қарсы беттен шығып қалған екінші көліктің кесірінен болған. «Мерседес» автокөлігінің жүргізушісінің сөзінше қарсы беттен БМВ көлігі шығып бөгет жасаған. Әлгі бөгет жасаған көлікті соқпайын деп шешім қабылдаған «Мерседес» автокөлігінің жүргізушісі бағытты өзгертіп, рөлін бұрып жібереді.
Ал БМВ көлігінің жүргізушісі басында кінәсін мойындағандай болған. Алайда кейіннен оқиға орнынан тайып тұрған. Қазір істің анық қанығын полиция қызметкерлері анықтауда.