Үшінші мегаполис күл-қоқыстан көз ашпай отыр

656

Үшінші мегаполиске айналған шаһардың мәселесі мен машақаты таусылар емес. Енді күл-қоқыс пен тау боп үйілген қалдықтардың өзі тұрмақ, қолқаны қабатын жағымсыз иісінен жалыққан тұрғындар тағы да бас көтерді. «Землячка» өткел жолында жайғасқан жұртшылық қоқыс тазалаушы тиісті орынға ай сайынғы төлемақыны уақытылы төлегенімен, қордаланған қоқыстың ауқым-көлемі күн санап артып, тіпті үйлеріне жақындай бастаған.

«Землячка-2» өткел жолындағы тұрғындардың жергілікті билікке деген наразылығы әуесқой түсірілімдер арқылы әлеуметтік желіге жарияланып, қызу талқыға түсіп жатыр. Жанат Жолдасова мұндағы тауша үйілген күл-қоқыстың өзі ғана емес, қолқаны қабатын жағымсыз иісінен жауыр болғанын айтып жыларман. Сөзіне сенсек, қоқысты жинап-тазалаушы мекемеге ай сайынғы тиісті төлемді уақытылы төлегенімен, қордаланған қоқыс тазаланбай келеді. Салдарынан, көшеде аяқ алып жүру тұрмақ, шіліңгір шілденің аптап ыстығында, күндіз-түні терезе ашып, тыныстаудан қалған.

Жанат Жолдасова

«10 күннен бері, бұл қоқыс тазаланған жоқ. Күн сайын кешкісін келіп, тек контейнерлердегі қоқысты тазалап кетеді. Үйімнің терезесін ашудан қалдым. Ауасы сұмдық! Күннің ыстығында сасық иіс бес есе ұлғаяды. Әр 3 айда осы қоқыстың тазалануы үшін 2400 теңге төлеймін, бірақ нәтиже жоқ», — дейді Жанат Жолдасова. 

Ал қоқысты жинап-тазалаушы компанияның уәжі де жоқ емес. Айтуларынша, бұл аумақта тазалықты сақтап-құнттау қиынырақ.

Сапаркүл Қуандықова, «Спецавтотранспорт» ЖШС-нің директоры: «Күніге таңертең және кешке екі мезгіл қоқысты алып кетеміз. Енді жерінде жатқан қоқыс «Автонұр» базарыныкі. Олар бізбен де, өзге қоқыс тазалаушы мердігерлермен де келісімшарт түзіп, жұмыс істемейді. «Өзіміз тазалаймыз», — дейді, бірақ оны көріп отырған жоқпын. Мұны ескертіп, қаншама рет әкімдікке, Абай әкімдігіне де жаздым».

Дәл осы түсірілім жұмыстарынан кейін, біздің редакциямызға тұрғындар қоқыстың тазаланғанын айтып, алғыстарын жаудырып, бейнежазбасын жолдады. Десе де, бұл олқылық араға бірнеше сағат салып қайта орын алуы әбден мүмкін. Ал жуырда ғана үшінші мегаполис мәртебесін алған Шымқаланың қақ төріндегі мұндай мәселе-машақаттар жергілікті биліктің жұмысына — сын…