Әйелінің қабырғасын сындырған азаматқа үкім шықты

303
Фото Алаш айнасы

Бүгінгі таңда отбасылық жанжал салдарынан мүгедек болып қалған, тіпті өлім құшқандары да аз емес. Әйеліне әлімжеттік көрсеткен «үй тирандарының» біразы темір торға қамалып та жатыр. Алайда әлсіз жандарға қол көтеретіндердің қатары азаймай отыр.

Жуырда Сарыағаш ауданының тұрғыны Ә. өз үйінде әйелі А.-ны бас араздық салдарынан, ұрып-соғып, қабырғасын сындырған. Дәрігерлердің берген қорытындысы бойынша жәбірленушіге оң жақ кеуде торының ІІ-ші қабырғасына орташа дәрежедегі зақым келтірілген.

Сот үкімімен сотталушы Ә. Қазақстан Республикасы ҚК-нің 107- бабы 1-бөлігімен көзделген қылмысты жасағаны үшін кінәлі деп танылып, оған осы бап бойынша 1 жыл мерзімге бас бостандығын шектеу түріндегі жазасы тағайындалды. Бүгінгі таңда сотталған Ә.-ге пробациялық бақылау белгіленді.