Өңірдің өркендеуіне үлес қосқандар марапатталды

812
Фатима Хикметова марапатталды

«Нұр Отан» партиясының облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Нұрмахан Жолдасов өңіріміздің өркендеуіне үлес қосқан бірқатар партия мүшелерін мемлекеттік наградалармен және «Нұр Отан» партиясының Құрмет Грамотасымен марапаттады.

Облыс мәслихаты депутаттары арасында белсенділігі, ұстанымымен ерекшеленетін Мұрат Төлтебаев «Астанаға 20 жыл» медалімен марапатталды. Дәл осындай  мерейтойлық медаль «Нұр Отан» партиясының Ордабасы аудандық филиалы төрағасының  бірінші орынбасарына да табыс етілді.

«Нұр Отан» партиясының «Құрмет Грамотасымен» марапатталғандардың арасында БАҚ өкілдерімен  тығыз қарым-қатынаста  қызмет етіп жүрген «Нұр Отан» партиясының облыстық филиалының баспасөз жетекшісі  Фатима Хикметова да бар.