Тілсіз жау Жиделі шағынауданындағы Жаңатұрмыс көшесі тұрғындарын әбігерге салды. Мұнда жеке тұрғын үйдің 2 қабатты қосыша құрылысы жанып кеткен. Қызыл алау түнгі 23:30-да басталып, ауыздықтау мүмкін болмай қалған.
Салдарынан 3,5 тонна шөп өртеніп, 7 ірі қара мал тірідей жанып кеткен. Ал күйік шалған 39 жастағы азаматты жедел жәрдеммен ауруханаға жеткізуге тура келген. Мамандардың айтуынша, өрт 70 шаршы метр аумақты шарпып үлгерген.
Қасымхан Хамытбек