Өзгені құтқарамын деп суға батып, мерт болды

491

Шардара ауданы, Жаушықұм ауылдық округі маңындағы Сырдария өзенінде 1993 ж.т. жылы туған жігіт белгісіз жағдайда суға батып кете жаздап, әупірімдеп аман қалған. Өкініштісі оны құтқарамын деп суға түскен 1979 ж.т. ер адам суға батып кеткен.

Жедел-құтқару жасақтың құтқарушылары (6 қызметкер, 1 дана техника, 1 жүзу құралы) сағат 17:33-те  суға батқан 1979 ж.т. ер адамның мәйітін тауып, денесін шығарған.

Түркістан облысы бойынша шомылу маусымының басынан бері судағы қарапайым қауіпсіздік қағидаларын сақтамай, жазатайым оқиғаларға алып келген бұл 20-оқиға, оның ішінде 22 адам қайтыс болса, оның 13-і бала.

Оқиғаны Шардара аудандық Ішкі істер бөлімінің қызметкерлері анықтауда. Құтқару қызметінің қызметкерлері шомылуға тыйым салынған жерлерде шомылу өлімге алып келетіндігін ескертеді.

Лаура Нақыпқызы