Астананың 20 жылдық мерейтойы қарсаңында Еңбекші ауданы әкімдігі аудан белсенділерінің құрметіне «Астана — Ұлы дала Елордасы» атты мерекелік шара ұйымдастырды. «Жеңіс» саябағына жиналған қауым үшін шығармашылық ұйымдар ән айтып, би билеп, өнерлерін паш етті.
Жаңартылған демалыс орнында шалқыған әуендер осында демалған тұрғындарға көтеріңкі көңіл-күй сыйлады.
Ата-апаларымыз қазақстандықтардың жүрегі — Астана гүлденіп көркейе берсін деген тілектерін де жеткізді
Шәмші Жәмілқызы, Еңбек ардагері: «20 жылдың ішінде Астана қаламыз бой көтерді. Бүл әлемде болмаған жағдай. Ол үшін халқыма да, Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлына алғысымыз шексіз. Кеше теледидардан кинофильм көрсетті. Президентіміз Астананың құрылыстары басында болып, керемет жобаларды жүзеге асуына мұрындық болды. Қазір міне, балаларымыз Астанамызда білім алып, Қазақстанымыздың өркендеуіне өз үлестерін қосуға дайын. Ең бастысы еліміз аман болсын. Барлықтарыңызды мерекемен құттықтаймын, отбасыларыңызға құт-береке тілеймін».
Иә, бүгінде сәулеті мен дәулеті жарасқан Елордамызды төрткүл дүние танып отыр. Астана жаңа ғасырдың, жаңа дәуірдің жасампаз шаһары атанды. Астана бар қазақтың бас қаласына айналды. Есілдің оң жағалауынан сәні мен сәулеті келіскен таңғажайып қала бой көтерді. Қала тұрғындары миллионнан асты. Бұл куантарлық жағдай. Егеменді еліміздің тірегі, жүрегі Астанамыздың одан әрі көркеюіне әрбіріміз ат салысуымыз керек. Бұл біздің азаматтық борышымыз деп тарқасты мерекеге жиналған қауым.