20 жылдыққа – 20 нысан

776

«20 жылдыққа 20 нысан» бастамасымен Сарыағаш ауданында 20 нысан пайдалануға берілді. Оның ішінде білім саласында 6 мектеп, 5 балабақша, коммуналдық салада – 1 стелла, 3 электр қуатымен қамтамасыз ету нысаны, 1 көпір, 2 елді мекен қақпасы, 1 көшенің аркасы, 1 абаттандыру нысаны пайдалануға берілу жоспарланған болса, солардың 14-і бір күнде пайдалануға берілді.

Елбасымыздың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласының «Туған жер» арнайы жобасы, «Атамекен» кіші бағдарламасының «Демеушілер тарапынан әлеуметтік қолдау» жобасы шеңберінде және Таскескен, Дархан елді мекендерінің кіре беріс қақпасы мен Дархан елді мекеніндегі Әліп Мұсаұлы көшесіндегі арканың ашылуына аудан әкімі Қ.Абдуалиев арнайы қатысып, халықты мерекемен құттықтап, елден шығып демеушілік жасаған азаматтарға алғысын білдірді.

Сондай-ақ, Тегісшіл ауылдық округі Таскескен елді мекенін, Құркелес ауылдық округі Алғабас елді мекендерін жарықтандыру мақсатында жаңадан тартылған электр жарығын қосып берді.