Аялдама жоқ жерде қоғамдық көліктерге тоқтауға болмайды. Егер сіз бұл ережені бұзсаныз онда 5 айлық есептік көрсеткіш көлемінде айыппұл төлейсіз. Жергілікті полиция қызметкерлері осындай заңсыздыққа байланысты рейдке шықты.
Айыппұлды төлеуге және істеген ісін көп жүргізушілер мойындай бермейді. Сондықтан тәртіп сақшылары оларға бейнежазбаны көрсетеді.
Мұндай рейдті тәртіп сақшылары қаладағы кептеліс уақытында арнайы өткізеді. Себебі дәл сол уақыттарда қоғамдық көлік жүргізушілері тәртіпті бұзып, бір-бірімен жарысып, қайғылы жағдайлармен аяқталып жатады. Рейд кезінде тәртіп сақшылары 17 қоғамдық көлік жүргізушілерін тоқтатып, оның 10-на ескерту жасаған. Ал қалған 7-іне әкімшілік хаттама толтырылды.