92 ауылдың бас жоспары бекітіледі

378
Фото Tengrinews.kz

Күнгейліктерді көптеген өзгерістер күтіп тұр. Облыс орталығының Түркістанға көшірілуі, жаңа атауға ие болуы, Шымкенттің ірі мегаполиске айналуы… Мұның барлығы да жаңа жоспарлардың, игі істердің бастамалары. Бас жоспарға қатысты да тың өзгерістер орын алмақ.

Түркістан облысындағы 92 ауылдың жыл соңына дейін бас жоспары бекітілмек. 357 ауыл мен ауылдық округтердің шекаралары 2020 жылға дейін зерделенетін болады. Облыс орталығы Түркістан қаласының шекарасы қыркүйек айына дейін бекітілмек. Кентау қаласына 12 ауылдық округ өткен болатын.