Сайрам ауданының орталығы Ақсукентте бүгін таңғы сағат 05:58-де Жібек жолы көшесінде орналасқан дәмхана отқа оранды. Үлкен аумақты шарпыған тілсіз жау 07:28-де ауыздықталды.

Зардап шеккендер жоқ. Өрт 236 шаршы метр аумақты қамтыған. Қызыл жалынды ауыздықтауға 20 қызметкер және 3 арнайы техника жұмылдырылды. Өрттің неден шыққан әлі белгісіз. Тексеру жұмыстары жүргізілуде.