Алаяқ Астана қаласынан пәтер алып бермек болыпты…

272

Шымкент ҚІІБ Әл-Фараби ПБ-нің кезекші бөліміне бір тұрғын арызданған, онда таныс адамы Астана қаласынан бірнеше пәтер алып беремін деп, ақшасын иемденіп, уәдесін орындамай кеткені туралы жазып көрсеткен, деп хабарлайды Түркістан облыстық ІІД Мемлекеттік тіл және ақпарат басқармасы.

Шымкент ҚІІБ Әл-Фараби ПБ-нің қызметкерлері жүргізген жедел-іздестіру іс-шарасы барысында күдікті азаматшаны ұстады. Полиция қызметкерлерінің анықтағанындай күдікті азаматша қаладағы сауда үйлердің бірінің алдында Астана қаласынан бірнеше пәтер алып беремін деп, сеніміне кіру арқылы алаяқтық жолмен, 1 350 000 теңге ақшасын иемденіп кеткенін анықтаған.

Тергеу барысында ұсталған күдіктінің алаяқтықтың басқа да жайтына қатысы бар екендігін анықтауда. Қазіргі таңда күдікті қамауда.

Қазіргі таңда аталған жайт бойынша ҚР ҚК-нің «Алаяқтық» бабымен сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Тәртіп сақшылары алаяқтардың құрбаны болмас үшін, бейтаныс азаматтармен қарым-қатынас барысында сақ болуын ескертеді. Ешкімге сене бермеңіз және алаяқтың арбауына түсіп қалмаңыз.