Ардагерлер Астанаға аттанды

544

Аудан әкімінің ұйымдастыруымен шардаралық ардагерлер Елордасы – Астана қаласына саяхаттауға аттанды. «Тұңғыш Президент» саябағынан аттанған 30 зейнет жасындағы ардагерлерді аудан әкімі Б.Қыстауов сәт сапар тілеп, жолға шығарып салды,деп хабарлайды Шардара ауданы әкімінің баспасөз қызметі.

«Биыл Астана қаласының 20 жылдық мерекесін кең көлемде тойлап жатырмыз. Бейбітшілік пен тұрақтылықтың символына айналған ару қала – Астана қаласы бүгінде әлем елдері тамсана да таңғала қарайтын үлкен орталыққа айналды. Осынау ғажайып мекенге шағалалы Шардараның ыстық сәлемін жеткізіңіздер. Астанадан үлкен әсермен, ерекше көңіл-күймен оралады деп сенемін. Сапарларыңыз сәтті болсын! – деді Болатбек Дүйсенбекұлы.

Ардагерлер қауымын аудандық ардагерлер Кеңесінің төрағасы Тоқсанбай Бердібеков бастап барады. Олардың құрамында ардагер құрылысшылар, ұстаздар мен дәрігерлер, ауылшаруашылығы саласының еңбеккерлері бар.