Қазір ғана белгілі болғанындай, «Асар» шағынауданының тұрғындарына техникалық су беріле бастады. Осыдан бір апта бұрын асарлықтар арнамызға шағымданып, суармалы тіршілік нәріне зар болғандарын айтып арызданған еді.
Таза ауыз сумен баптаған жылыжай өнімдерін сата алмай шығынға батып шырылдаған. Тіпті жаппай жылыжайларын қиратып, көбісі мал ұстауға бет бұрғандықтарын айтқан болатын.
«Отырар» телеарнасының жаңалықтар қызметі бұл мәселеге араласып, жергілікті биліктің назарын аудартқан болатын. Бір аптаның ішінде жылдап жоқ болған суармалы суға қол жеткізген асарлықтар алғыс айтып редкциямызға хабарласты.
«Отырар» — өз арнаңыз. Мәселенің шешімін бірге қарастырайық. Сіз де хабарласыңыз!
Жанар Есенбекова