Қалалық жедел жәрдем ауруханасында ем қабылдап жатқан белгісіз науқастың туыстары іздестірілуде. Шілде айының тоғызы күні аурухана төсегіне ес түссіз таңылған азамат қаладағы Төлеген Айбергенов көшесінен жеткізілген.
Қазір науқас есін жиған. Дәрігерлер оның жағдайын орташа дейді. Ол өзін Зукуров Камалжан Усманұлы деп таныстырған. Тіпті туған айы мен жылын да айтып берген. 1968 жылдың мамыр айының 27-ісі күні дүниеге келген екен. Науқастың айтуынша, ол Өзбекстан елінің азаматы. Шымкентте жалданып жұмыс істеп жүргеніне 4 жыл болыпты.