Бәйдібек ауданында дала алқабы өртенді

572

Түркістан облысы, Бәйдібек ауданында дала өртенді. 23 шілдеде сағат 18:56-де шұғыл кезекшілердің басқару пультіне хабарлама келіп түскен. Хабарламада Бәйдібек ауданы, Борлысай ауылдық округі, Кеңсай елді мекенінде 2 бағытта, яғни  оңтүстік бағытта – 40 га және күншығыс бағытта – 45 га құрғақ шөп жанғаны көрсетілген.

Өрттің жалпы көлемі 85 га құраған. Қатты жел мен ыстық ауа райының салдарынан өрт санаулы минуттарда ойлы-қырлы жерлерге тез тараған.

Өрт оңтүстік бағытта сағат 23:40-та оқшауланып, сағат 00:00-де толық сөндірілген, ал солтүстік бағытта сағат 05:00-де толық сөндірілген. Қайтыс болғандар мен зардап шеккен адамдар жоқ.

Өртті сөндіруге Бәйдібек ауданы № 34, 10 өрт сөндіру бөлімінен 28 адам жеке құрам және 2 техника, орман шаруашылығынан – 40 адам мен 2  техника және жергілікті тұрғындардан 10 адам жұмылдырылды.

Дала өртінің пайда болуы өрттің үлкен аумағынан басқа да өсімдіктерді жойып жіберуі мүмкін. Ашық жердің үстіңгі қабатындағы желдің екпіні қатты, сондықтан өрттің жылдамдығы секундына он метрге жетеді. Бұл жақын орналасқан елді мекендер мен үйлерге қауіп төндіруі мүмкін.