Шымкентте Әл Фараби және Жамбыл көшелері қиылысында кезекті жол апаты тіркелді. Жол көлік оқиғасының орын алуына бағдаршамның істен шығуы себеп. Оқиға түңгі сағат 23:00 шамасында болған. Басты жолмен бағыт алып келген «Лада» көлігін, екінші дәрежелі көшеден шыққан «Тойота» көлігі алдыңғы сол жақ есігінен соғылған.
Абырой болғанда оқиғадан зардап шеккендер жоқ. Ал көліктерге материялдық шығын келген. Енді істің ақ-қарасын тәртіп сақшылары анықтайтын болады.