Жол көлік оқиғасы Ирисмат ата көшесінде орын алды. Мұнда жолаушыларды таымалдайтын екі шағын автобус соқтығысқан. Бірі қалалық қоғамдық көлік болса, екіншісі Түркістан-Шымкент бағытында жолаушыларды тасымалдайтын шағын автобус.
Куәгерлердің айтуынша «Хюндай» көлігі екінші жолақтағы «Форд» көлігінің бірден алдынан шығып, басып озбақшы болған. Алайда ол ойы жүзеге аспай нәтижесінде «Форд» көлігі «Хюндайдың» артқы бөлігін соқққан.
Абырой болғанда жолаушылар да, жүргізушілер де аман. Екі көлік иелері де мәселені өзара шешкенді жөн көріп, қол алысып тарқасты.