Елімізде қазақ тілінің латын графикасындағы жаңа емле ережесінің пилоттық жобасын апробациялау басталды

600

Қазақстанның барлық өңірлерінен жазғы демалыстарын «Балдәурен» оқу – сауықтыру орталығына өткізуге келген 300-ге жуық оқушы латын графикасындағы қазақ тілінің жаңа емле ережесінің пилоттық жобасын апробациялауға қатысты. Оқушылар тестілеуден өтіп, лингвист ғалымдарға жаңа әліпбидің орфографиялық мәселелерін анықтауға көмектесті, деп хабарлайды ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің баспасөз қызметі.

«Жаңа әліпбиді алғашқы болып сынақтан өткізуді «Балдәурен» оқу-сауықтыру орталығына демалуға келген 6-9 сынып оқушылары қатысуда. Бұнда еліміздің барлық өңірлерінің балалары жиналды. Әліпби бекітілді, келесі саты – емле ережесін анықтау, біздер, қазір осы бағытты жұмыс істеп жатырмыз. Енді қыркүйек айына дейін бұндай сынақтарды бүкіл республика аумағында көпшілік қауымның қатысуымен өткізу жоспарлануда», — дейді Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Тілдерді дамыту және қоғамдық – саяси жұмыс комитетінің төрағасы Қуат Борашев.

«Қазақ тілін латын әліпбиіне көшіру – елдің жаһандық келешегі, ел болашағы үшін жасалып жатқан мемлекет қамқорлығы. Біздер үшін жас ұрпақтың пікірі өте маңызды – өйткені олар келешекте өмір сүретін, жаңа әліпбиді қолданатын болады, – деп санайды, белгілі қоғам қайраткері, «Тіл -Қазына» ҰҒПО бас директоры Ғарифолла Есім.
ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару Академиясының профессоры, орфографиялық топтың мүшесі Назгүл Түленбергенованың сөзі бойынша: «сынақ қорытындысында алынған мәліметтер жаңа емле ережесінің жобасын жасаған кезде ескерілетін болады. Оқушыларға әртүрлі деңгейдегі алты тапсырама қамтыған брошюралар таратылды, оларда орфографиялық нормалардың барлық қырларын қамтиды. Балаларға қиындық туғызған, көп қатеге жол берілген тапсырмалар ескерілетін болады», – дейді профессор.

Балалар тапсырмаларды игеруде, олардың ағылшын тілін білетіндігі байқалады. Жаңа латын графикасындағы кейбір «э», «ю», «я», «ё» әріптері басқаша жазылатын болады. Негізінде тапсырмалар жоғарыда аталған әріптерді, сондай-ақ «ш», «щ» әріптерін санақтан өткізуге берілді. Сонымен бірге қиын, біріккен шет тілінің сөздеріне арналған тапсырмалар да бар», – деп толықтырды Назгүл Түленбергенова.

Тапсырмалар жинағы алты парақтан тұрады. Басында сауалнамалық мәліметтерді толтыру қажет. Жинақтың бірінші тапсырмасы оқушыға оның пікірі бойынша қазақ сөздерін латын қаріпіндегі ыңғайлы және дұрыс нұсқасын таңдауды, сондай-ақ ұсынылған «дұрыс» және «икемді» деген сөздерді екі нұсқада жазуды ұсынады. Сондай-ақ оқушылар өздеріне ұнаған нұсқадағы сөздерді және оларды латын қаріпінде де, кирилище де жаза алады. Жинақтың соңғы парағы оқушылар өздерінің ескертулерін жазу үшін қалдырылған.

Тестілеуден өткеннен кейін Алматы қаласының 8 сынып оқушысы Айтен Бексұлтан ыңғайсыз болған бірнеше сөзді атап өтті және бұл сөздерді жазудың басқа нұсқаларын ұсынды.

«Циркуль» сөзінде «s» әріпі оқуға ыңғайсыз, «sirkul» болып кетеді. Ал егер «s» алдына «t» қойсақ «ts» ыйңғайлы болады Ashat, аshana сөздері де оқуға қиын, олар «Ашат» және «ашана» болып кетеді. Сондықтанда араб тіліндегі сияқты оларды басқа бір таңбамен белгілеуді ұсынамын», – деп оқушы өзінің ойымен бөлісті.

Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Тілдерді дамыту және қоғамдық – саяси жұмыс комитетінде хабарлағандай Шайсұлтан Шаяхметов атындағы «Тіл Қазына» ұлттық ғылыми –практикалық орталығы қазақ тілінің жаңа емле ережесі пилоттық жобасының бірінші кезеңін өткізуде. Жаңа емле ережесін тестілеу еліміздің барлық аймақтарында өткізіліп, барлық әлеуметтік топтарды қамтитын болады. Бұл пилоттық жоба жаңа емле ережені жасау барысында тұрғындардың қоғамдық пікірін білуге тиімді шешімдерді анықтауға және белгілеуге бағытталған.

Еске саламыз, Қазақстан Рсепубликасы Президентінің 2017 жылғы 27 қазандағы «Қазақ әліпбиін кириллицадан латын графикасына көшіру туралы» Жарлығы, Қазақстан Республикасы Үкіметінің «2025 жылға дейін қазақ әліпбиін латын графикасына кезең –кезеңмен көшіру іс шаралары туралы» Жоспары қабылданды, Жоспарда қазақ әліпбиін кириллицадан латын графикасына көшірудің кезеңдері: бірінші кезең -2018 -2020 ж.ж., екінші кезең – 2021-2023 ж.ж., үшініші кезең -2024 -2025 ж.ж болып белгіленді.