Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің ұйымдастыруымен «Қазақстан» концерт залында Астана қаласының 20 жылдық мерейтойына арналған І «Burabay Summer Fest» жасөспірім таланттардың халықаралық фестивалінің аяқталуына арналған Гала-концерт өтті, деп хабарлайды Мәдениет және спорт министрлігінің баспасөз қызметі.

Байқауға қатысуға республикамыздың барлық жерінен және шетелден (Қытай, Беларусия, Ресей, Қырғызстан, Өзбекстан, Әзірбайжан және Түркия) ең дарынды балалар вокал, хореография, мәнерлеп оқу және аспапта орындау түрлері бойынша 400 ден астам өнерпаздар қатысты.

Бүгін ақтық кезеңде финалистер анықталды. Нәтижесінде бас жүлде иеленгендер: «Көркемдік оқу» номинациясы – Тілек Нұрқожа (Қызылорда облысы), «Халық би» номинациясы – Джумалиев Ратмир (Алматы қаласы), «Дәстүрлі өнер (жеке орындаушылық)» номинациясы – Әлімқұл Сұлтан (Жамбыл облысы), «Классикалық өнер» номинациясы – Ыдырысова Камила, «Дәстүрлі өнер (ансамбль)» номинациясы – «Жетіген» ансамблі (Түркістан облысы), «Дәстүрлі ән» номинациясы – Ілиясова Айжа«Эстрадалық ән» номинациясы – Баситова Карина (Алматы қаласы), «Академиялық ән» номинациясы – Жүсіп Ансар (Ақтөбе облысы).

Фестивальдың бас жүлдесін ҚР Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы – Қазақстан Республикасының Президенті Назарбаев Нұрсұлтан Әбішұлы атынан ақ рояль мен Лос-Анджелестегі әйгілі «UNIVERSAL STUDIOS HOLLYWOOD» киностудиясына бару мүмкіндігін Жүсіп Аңсарға табыстады.

Айта кетейік, Бас Жүлде иеленген Жүсіп Аңсар Ақтөбе облысының тумасы. Аңсар «Академиялық ән» номинациясы бойынша байқауға қатысып, мықтылардың қатарынан табылды. Аңсар Ақтөбедегі №1 Балалар музыкалық мектебінде «вокал» бөлімінен дәріс алған.