«Изуми»сауда үйі өз тұтынушыларын жазғы жолдамалармен қуантты

552

«Изуми» сауда үйі өз тұтынушыларын жазғы жолдамалармен қуантты. Бұл жолы бренд киімдер мен аяқкиімдер сатып алған клиенттер таулы қонақ үйге тоқтап, Солтүстік Африка елдері Жерорта теңізі жағалауындағы шипайжайларда демалуға мүмкіндік алып отыр.

«Изуми» сауда үйінің ауласы бренд киімдер мен аяқкиімдер дүкендерінің ұтыс ойынына қатысушыларға лық толы. Бұл кеште қомақты сыйлыққа қол жеткізген 60 клиенттің жолы болды. Олардың екеуіне «Изуми Тау» таулы қонақүйіне жолдама берілсе, бірі құмды жағажайлар елі — Туниске жолдаманы ұтып алды.

Шамшат Рысымбетова, жеңімпаз: «Ұтыс ойындары туралы мен бір ай бұрын инстаграм желісінен білдім. Жолдасыммен келіп, киімдер алдық. Қыздар акция шарттарын түсіндіріп берді. Мен Туниске жолдама ұтып алдым. «Изумиге» рахмет, бәріне осы дүкенде киінуге кеңес бермін».

Абылайхан Косай, жеңімпаз: «Изумиге» келіп, жейде, шалбар, туфли сатып алдым. Құрбымның тойына дайындалғанмын. Бірінші рет ұтыс ойынына қатысып, жеңімпаз болдым. Рахмет, қуаныштымын».

«Изуми» сауда үйі өз клиенттеріне мерекелерде ғана емес жай күндері де жиі сый-сыяпат жасайды. Бұл дәстүрге айналған. Ұтыс ойындарын ұйымдастырып, еркеше тарту-таралығыларымен де қуантады.

Надежда Гаврилина, «Изуми» сауда желісінің қызметкері: «Энрике Мэринелли брендінен 60 клиентке сый жасадық. Сондай-ақ Туниске жолдама да ойнатылды».

«Изуми» сауда үйінің келесі ұтыс ойындары 4 тамызда ұйымдастырылады. Бас жүлде Түркияға жолдама тігіледі. Жаңа акцияға асығыңыздар. Лоторея купондары қазірден сатылып жатыр.