Биыл Түркістан облысында 2 мыңнан аса адамды кене шаққан. Ауылшаруашылығы саласының басшысы Серік Тұрбеков бұл орайда басқарма жұмысына сын тағуға болмайды дейді. Бұрнағы жылдары өңірді шегіртке қаптағанда да кінәні өзге құрылымға аудара салып ат тонын ала қашқан басқарма өкілдері айтпағы не болды екен?
Кене қаптаған күнгейде биыл улы жәндіктерден зиян шеккендердің саны 387-жағдайға бір-ақ артқан. Ауылшаруашылығы саласының мамандары кене жайламас үшін малдарды, қора-қопсылар мен суаттарда өңдеу жұмыстарын жоспарға сай жүргіземіз деп отыр. Бұл ретте басқарма басшысы ауру туғызатын жәндіктердің саябақтар мен шомылу алаңшаларында да жиі кездесетінін алға тартты. Дегемен, мәселе алаңдатарлықтай! Сондықтан қазір тиісті министрліктермен бірлесіп, нақты шараларға кірісіп жатырмыз деп сендірді.
Серік Тұрбеков, Түркістан облысының ауылшаруашылығы басқармасының басшысы:
Айта кетейік, былтыр конго-қырым қанды қызбасын туғызатын кенелер 8 адамды шаққан. Оның 2 қайтыс болыпты. Биыл жәндіктердің осы түрінен зардап шеккен 4 адамның бірі көз жұмған.
Есесіне биыл шегірткеден келер қауіп жоқ. Бұрнағы жылдардағы жағдай жауаптыларға сабақ болып, өңдеу жұмыстары жіті жүргізілген болса керек-ті. Зиянкестер нәпақасын жерден іздеген қауымға зиянын тигізе қоймайды деп сендіреді сала басшысы. Биыл өңдеу кезінде межеленген алқап та азайған.
Серік Тұрбеков, Түркістан облысының ауылшаруашылығы басқармасының басшысы: «350 мың гектарға жүргізілуі тиіс өңдеу жұмыстары 250 мың шектрға жүргізілді. Қазір шегірткелер жұмыртқасын салып жатыр. Құзырлы мекемелер қадағалайды».
Айта кетейік, биыл облыста эпизотиялық іс-шараларды атқаруға мемлекет тарапынан 31 млн. доза вакцина жеткізіліпті. 14 аса қауіпті ауруларға профилактикалық және диагностикалық іс-шаралар жүргізуге байланысты 6 айлық жоспар толығымен орындалған.